RU

Мұсылман емес мемлекетте хиджаб мектеп формасына айналды

Англияның солтүстік-батысында орналасқан сэр Джон Серсби атындағы мектеп хиджабты ресми түрде мектеп формасына айналдыратын алғашқы оқу орны болды деп жазады Islam.kz.

Аталған мектеп әкімшілігі мұсылман оқушы қыздардың сабаққа мектеп формасына сәйкес келе бермейтін орамал тағып келетінін аңғарған. Осы себепті, арнайы мектеп формасына ұқсатып, арнайы хиджап тіктіруге шешім қабылдаған.

Қазіргі уақытта мектеп әкімшілігі оқушылар мен олардың ата-аналарымен осы мәселе бойынша ақылдасып, олардың кеңесін ескеріп жатыр.

Тағы оқыңыздар: АҚШ пен Қытай арасы неліктен салқындап барады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1541704-musylman-emes-memlekette-khidzhab-mekt.html