RU

Танымал әнші Баян Нұрмышева сәбилі болды

Жұлдызды жұп Баян Нұрмышева мен Ерлан Орынбасаров ұлды болды. Аяғы ауыр Баян аман-есен аяқ-қолын бауырына алып, үшінші сәбиін дүниеге әкелді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісінен белгілі болды.

Қуанышты жаңалықты естіген желі қолданушылары жұлдызды жұпқа бақыт тілеп, кішкентай сәбиінің аман-есен болуына тілектестік білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1541819-tanymal-anshi-bayan-nurmysheva-sabili-bo.html