Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пейілі тар қазақ келінінен өзге ұлтты артық көрген Жазира өзін сынағандарға жауап берді

Опубликовано:

Танымал әнші Жазира Байырбекова қазақ қыздарын пейілі тар деп атағаны үшін өзін сынағандарға жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жуырда ғана Жазира Байырбекова отандық бағдарламалардың бірінде болашақ келінінің қандай болғанын қалайтынын айтып, қазақ қыздарына деген көзқарасын айтқан болатын. Ол кейбір пейілі тар, ана тілін білмейтін қазақ қыздарын алғанша, өзге ұлт өкілін келін еткен жөн екенін алға тартқан еді.

Осыған орай, оның ойын дұрыс түсінбеген жұртшылық әншіні жерден алып, жерге салды. Бұл тұста әнші өз пікірінің неден шыққанын айтып берді.

Тағы оқыңыздар: Танымал әнші Баян Нұрмышева сәбилі болды

Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында арнайы жазба қалдырды.

"Мынандай ақпарат жайылып кетіпті. Бұл сөз әңгіменің арасында белгілі бір қоғамдағы жағдайларға байланысты айтылған.

Қазақи тәрбиемен өскен қазақ қыздарына ешқандай елдің қыздары жетпейді", - деп ақталды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1541911-peyili-tar-qazaq-kelininen-ozge-ultty/

pixel