RU

Оралда полиция қызметкері қағып кеткен екі жасар сәби тіл тартпай кетті

Оралдағы көпқабатты үйдің ауласында полицей екі жасар баланы қағып кетті. Бүлдіршін емханада көз жұмған. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Мой ГОРОД» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ІІД өкілі Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, Орал ІІБ учаскелік инспектордың көмекшісі еңбек демалысы кезінде «Нисcан Премьера» көлігімен тұрғын үйдің ауласына кіріп бара жатып, 2015 жылғы қызды қағып кеткен.

Тағы оқыңыздар: Пейілі тар қазақ келінінен өзге ұлтты артық көрген Жазира өзін сынағандарға жауап берді

"Полицей баланы бірден Облыстық балалар емханасына жеткізді. Алайда қыз бала алған жарақаттардан тіл тартпай кетті. Сараптама учаскелік инспектордың ішімдік ішпегенін көрсетті. 24 маусым күні полиция қызметкерінің үстінен "жол ережесін бұзу салдарынан абайсызда адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді Манарбек Ғабдуллин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1541965-oralda-policey-eki-zhasar-balany-qaghyp.html