Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде 17 жасар студент қыз із-түссіз жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Өскеменде 17 жасар студент қыз іс-тіссіз жоғалып кетті. Туыстарының айтуынша, Виктория Первухина алты күн бұрын әдеттегідей жұмысқа  кеткеннен ізім-қайым жоқ.

"Виканың жігіті жоқ. Өйткені ол көбіне оқуға ден қоятын. Бос уақытының бәрін сабағына арнаушы еді. Жаз кезінде жұмысқа тұрып, қосымша табыс тауып жүрген", - дейді Викторияның әпкесі Марина Первухина.

Жұмыстағылардың айтуынша, бойжеткен онда барғанымен, артынша сұранып кетіп қалыпты. Қайда, не мақсатпен кеткенін ешкімге айтпаған.

Туыстары тәртіп сақшыларына хабарлаған екен, бірақ олардан да әзірге мардымды хабар жоқ.

Тағы оқыңыздар: Шымкенттің балалар бақшасында екі жасар бүлдіршін көз жұмды

Анасының айтуынша, мінезі тұйық қызының өштесердей жаулары болмаған. Викторияның туыстары енді оны табуға жұрттан көмек сұрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1541981-oskemende-17-zhasar-student-qyz-tissiz/

pixel