RU

Терісі ағашқа айналып бара жатқан адамнан көршілері ат тонын ала қашты (фото)

Псориаз дертіне шалдыққан ер адам күн санап ағашқа айналып бара жатыр. Ал мұны көрген көршілері одан ат тонын ала қашуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы 120.su сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайдың Хэнань провинциясына тұратын Ли Ситянь бұл дертке шаштаразға барғаннан кейін шалдыққанын айтуда. Шашатараз шашын қырып жатқанда абайсызда оның терісін жарақаттап алыпты.

Тағы оқыңыздар: Астаналық келіншек дәрігерлердің қателігінен 20 жыл бойы бөтен адамның баласын баққан

Салдарынан өзгенің дерті маған жұғып кетті дейді ол. Өкінішке қарай, бұл дерттің әзірге емі табылмаған. Ал полицейлер жергілікті тұрғындарға Лидің дерті жұқпалы еместігін түсіндіріп әлек.

Себебі, оның көршілері ер адамнан үркіп, оған шалғай жерде үй салып беріпті. Осылай өздерінен аулақ болуын өтінген көршілер ер адамның көңіліне қаяу түсірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1542056-terisi-aghashqa-aynalyp-bara-zhatqan-ada.html