Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз елінде қысым көрген Өзбекстан азаматы Қазақстаннан көмек сұрап отыр

Опубликовано:

Өзбекстанның Қарақалпақ автономиялық республикасынан кеткен Жұмабай Сағидуллаев «Алға Қарақалпақстан!» қозғалысының лидері, ағасы Аман Сағидуллаев үшін қуғындағанын айтады. Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.

43 жастағы Жұмабай Сағидуллаев өзін Қарақалпақстан автономиялық республикасының Қараөзек ауданында жеке шаруашылықпен шұғылданған бақташы ретінде таныстырды. Оның сөзінше бірнеше жыл бұрын шаруасын тастап, Өзбекстаннан қашуға мәжбүр болған.

- Мал бағып жүрген, саясаттан хабарсыз шопан едім. Бір күні аудандық салық бөліміне шақырып салық төлемегенсің деп айтыптады. Төлеген қағаздарымды түгел көрсеттім. Кейін кейін қайта шақырып, бірнеше миллион сом салық төлемедің деп прокуратура тағы тексерді. Сонан былай ақылға сыйымсыз айыптар көбейе берді. Ұрып-соғатын болды. Ақыр соңында шетелге қашқан оппозициядағы ағаңа ақша жіберіп жүрсің деп ашық айтты,- дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Айлығының жартысын басшылыққа беретін қызылордалық тәрбиешілер жанайқайын жеткізді

Жұмабай Сағидуллаевтың сөзіне қарағанда, Өзбекстан құқық қорғау органдары оның жеке құжаттарын, малы мен жерін «тартып алып қойған». «Қамауға алынуың мүмкін» дегенді естігенде ол «бір түнде отбасын тастап, Қырғызстанға қашуға мәжбүр болған».

- Қырғызстанда біз секілділергер көмектесетін босқындар лагері жәрдемдесіп, 2016 және 2017 жылы сонда тұрдым. Таяуда лагерь жабылғаннан кейін Қазақстанға өтіп, көмек сұрап келдім. Қолымда әскери билетім ғана бар, - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1542104-oz-elinde-qysym-korgen-ozbekstan-azam/

pixel