RU

Әкімнің ерлігі: Қарағандыда ауыл басшысы 4 жасар баланы өлімнен құтқарып қалды (фото)

Қарағанды облысындағы Керней ауылының әкімі қаршадай баланы өлім аузынан құтқарып қалды. 4 жасар бүлдіршін тереңдігі 5 метр ашық жатқан құдыққа құлап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Оқиға маусымның 24 күні Ботақара елдімекеніндегі мейрамхананың маңында болған. Көз алдында ойнап жүрген 4 жасар Санжардың санаулы секундтарда ұшты-күйлі жоқ болғанын жақындары байқамай қалған. Қаршадай баланың кәріз құдығындағы суға тұншығып жатқанын әкім Төлеген Іргебаев көрген екен.

Шыңғырған дауысын ести сала, шұңқырға секірген Керней ауылының басшысы баланы су түбінен әрең алып шыққан.

«Су тіземнен келетін шығар деп ойладым. Бірақ су бойымнан асады екен. Суға батып бара жатқан балының аяғынан тартып, көмекке шақырдым. Адамдар бізді ағаштың шыбығымен алып шықты. Баланы көргенде, ештеңе ойлаған жоқпын. Тек аман қалса екен деп тіледім...», - дейді Төлеген Іргебаев.

Тағы оқыңыздар: Халықтың алдында өз-өзіне қол жұмсаған кімдер? (видео)

Ал ажал аузынан аман қалған бүлдіршін, абырой болғанда, ауыр жарақат алмаған. Жақындары оның тек су жұтып қойғанын айтады. Оның үстіне, түнде шошып оянатын да болыпты.

«Күндіз ойнап жүре береді, ал түнде анасын жібергісі келмейді. Түнде айқайлайтын кездері де болады. Соңғы кездері ұйқысы жаман болып жүр», - деді Санжардың туған әпкесі Айдана Сапатаева.

Тағы оқыңыздар: Терісі ағашқа айналып бара жатқан адамнан көршілері ат тонын ала қашты (фото)

Айдананың айтуынша, кәріз құбыры шу шыққан мейрамхана балансында екен. Сөзінше, бұған дейін ашық жатқан құбырды жауаптылар ағаштармен тек оқиғадан кейін жауып қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1542192-qaraghandy-oblysynda-auyl-akimi-tort-zh.html