RU

Роза Рымбаева ұлының әнші қызға "үйленгеніне" қатысты күтпеген жайттың басын ашты

Жуырда әлеуметтік желіні Әли Оқаповтың танымал әнші Ақерке Бүркітбаймен түскен той суреті пайда болған еді. Сурет қызу талқыға түсіп, ел Әлиді үйленіп алды деп болжады. Роза Рымбаеваның келін түсіргені рас па? Бұл сұраққа әншінің өзі жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Роза Рымбаева Hit TV арнасына арнайы сұхбат беріп, мәселенің анық-қанығын айтып берді.

Сонымен Роза Рымбаеваның келін түсіргені рас па?

"Биылға әзірше ондай жоспар жоқ. Бірақ, егер кез келген уақытта Әли өзінің қалыңдығын алып келіп, "мама, мен үйленемін" десе мен дайынмын. Балама оны күнде айтамын", - дейді әнші.

Роза Рымбаева өзі қарапайым отбасынан шыққан соң, келінінің де қарапайым болғанын қалайтынын айтты. Мұғалім немесе дәрігер болса тіпті жақсы, дейді ол. Өйткені кәсіби музыканттарға төреші болар жан керек.

Тағы оқыңыздар: Әйелі барын жасырып жүрген Қайрат Нұртас алғаш рет неке жүзігін көрсетті (фото)

"Дәрігер болса, мұғалім болса, біздің отбасымызда ол ерекше мамандық болады ғой. Себебі Әли де, Мәди де, біз үшеуіміз де кәсіби музыкантпыз. Біздің әңгімеміз, көретініміз, қызықтыратын дүниенің барлығы - музыка. Сондықтан басқа мамандық иесі келсе, онда біз үшін өте пайдалы дүние болады", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1542205-roza-rymbaeva-ulynynh-anshi-qyzgha-uylen.html