RU

Туғанынан екі қолы жоқ жеткіншек суда жүзуді қалай үйренді?

Босниялық алты жасар Исмаил Зулфичтің туа бітті екі қолы жоқ. Оның бір аяғы деформацияланған. Жарымжан балаға әрі-бері қозғалуы үшін арқа бұлшық еті мықты болуы керек. Дәрігерлерден осыны анықтап білген Зулфичтер отбасы су терапиясын ойлап тапты. Олар резеңке бассейн сатып алып, ұлдарын күнделікті суға жүзуге бейімдей бастаған деп хабарлайды sports.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Алғашында ол бассейннің табанында тізерлеп жүруді үйренеді. Кезекті бір жаттығу кезінде Исмаил тұншығып қала жаздаған. Сол оқиғадан соң ол суға беттемей қойыпты.

Ата-анасы оны бірнеше ай бойы суда жүзуге үгіттейді. Олар ұлдарын Сараево қаласында ашылған жүзу клубына беруді ұйғарған. Онда жарымжан балаларды суға үйретеді екен.

"Біздің үйден Сараево қаласына дейін – 70 шақырым, бензинге көп ақша жұмсаймыз. Алайда Исмаилдің жүзіндегі күлкі бізге одан да қымбатырақ",- дейді әкесі Исмет Зулфич.

Тағы оқыңыздар: Халықтың алдында өз-өзіне қол жұмсаған кімдер? (видео)

Исмаилға 50 метрлік бассейнде жүзуді үйрену үшін бірнеше ай қажет болған.

«Исмаилдің жетістігі – біздің өзара сеніміміздің нәтижесі. Менің тобымда 10 бала бар, бір жаттығу кезінде 10 түрлі жүзу тәсілін үйретемін. Расында, олардың денесі аяқ-қолы бүтін адамдардан ерекшеленеді. Алайда балаларға мүмкіндік берсең, олар бей-жай қалмайды. Менің мақсатым - оларға бәсекелестіктің дәмін таттыру. Біз осы ғажап жетістікке бір жылдың ішінде жетіп отырмыз",- дейді Исмаилдің жаттықтырушысы.

Исмаил Зулфич мамыр айында Загребтегі мүгедек балалардың аймақтық жарысында өнер көрсетіп, 50 метрлік қашықтықта алтынды қанжығасына байлады. Оның бірқатар қарсыласының жасы одан екі есе үлкен болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1542207-tughanynan-eki-qoly-zhoq-zhetkinshek-suda.html