RU

Көптен күткен той: Месси өзіне екі ұл сыйлаған ғашығына үйленді

Аргентинаның ең үлкен қалаларының бірі Росариода «Барселона» мен Аргентина құрамасының шабуылдаушысы, атақты футболшы Лионель Месси мен сүйіктісі Антонелла Роккуццоның үйлену той өтті деп хабарлайды Чемпионат басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Қос ғашық бірін бірі бала кездерінен бастап таниды. Тіпті, олардың арасындағы алғашқы махаббат ұшқыны тоғыз жастарында пайда болған деседі.

Кейін 13 жастағы Месси "Барселона" жастар командасының ойыншысы болады. Дегенмен ол сүйіктісі Антонелламен арақатынасын үзбейді: үнемі хат жазып, хабар алысып отырған.

Тағы оқыңыздар: Халықтың алдында өз-өзіне қол жұмсаған кімдер? (видео)

Жас жұбайлардың шынайы қарым-қатынасы жеті жыл бұрын басталды. Қазірде Лионель мен Антонелланың екі ұлы бар - төрт жастағы Тьяго және бір жасар Матео.

250 адам шақырылған үлкен тойға футболшының туыстары мен бала кездегі достарынан бөлек әріптестері — Неймар, Луис Суарес және Херард Пике жары Шакирамен, сондай-ақ, Карлес Пуйоль, Гонсало Игуаин мен Серхио Агуэролар келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1542210-kopten-kutken-toy-messi-ozine-eki-ul-sy.html