RU

Желіде "Ислам мемлекеті" көшбасшысының өлі күйіндегі суреті тарап кетті (фото)

Иран теледидарының сайты "Ислам мемлекетінің" көшбасшысы өлген сәтіндегі фотоны сайтында жария етті. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фотосуреттер террорлық топ көшбасшысының көзі жойылғанын растау мақсатында елге жария етілген.

Тағы оқыңыздар: Көптен күткен той: Месси өзіне екі ұл сыйлаған ғашығына үйленді

Абу Бакра аль-Багдадидің мәйітінің екі фотосынан бөлек оның тірі кезіндегі фотолары да жарияланды. Ресейдің қорғаныс министрлігі әуеден шабуылдаудың арқасында аль-Багдади мен 300 жауынгердің көзін жойғанын бұған дейін хабарлаған болатын.

Сол арада Пентагон "Ислам мемлекеті" көшбасшысының көзі жойылғанын растамады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1542213-islam-memleketi-koshbasshysynynh-mayit.html