RU

Ақтөбе әкімі маңызды жиналыста телефон шұқылап, өзіне қымбат костюм іздеді (видео)

Ешқандай сынды құлағына ілмейтін Ақтөбенің əкімі жиналыста өзіне костюм таңдаумен отырды деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысының əкімдігінде өткен мəслихат отырысында қала əкімі Ілияс Испанов тағы да телефонмен "ойнап" кетті. Депутаттардың қасына жайғасқан қала əкімін WhatsAap- тың қызығы баурап алды.

Хабарламада келген қымбат костюмдердің қызығына түсіп кеткен қала басшысын айналасындағы жағдай қызықтырған жоқ. Жиынға келген əкімнің ойын сəнді костюмдер бұзды.

Тағы оқыңыздар: Айлығының жартысын басшылыққа беретін қызылордалық тәрбиешілер жанайқайын жеткізді

Ілияс Испанов костюмнің қызығында отырған кезде мəслихатта білім сапасының нашар екені айтылып жатты. Қаланың қақ ортасындағы №18, №20 мектептер аттестациядан өте алмаған.  Сапа нашар, мектеп жəне балабақшаларда тиісті мамандардың жетіспейді.

Ал телефонымен əуреленіп отырған қала əкімі жиыннан ұзамай шығып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1542353-aqtobe-akimi-manhyzdy-zhinalysta-telef.html