RU
Димаштың бейтаныс қызбен түскен видеосы оның фанаттарын дүрліктірді (видео)

Димаштың бейтаныс қызбен түскен видеосы оның фанаттарын дүрліктірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайбергеннің "Махаббет бер маған" атты әніне түсірілген бейнероликті фанаттары тым "қарабайыр" деп атап, сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Оның жаңа бейнебаянының үзінді кадрлары фан парақшаларының бірінде жарияланған.

Клипте ол бейтаныс қызға деген махаббат сезімін көрсетпек болған. Димаш әдеттегідей актерлік шеберлігімен желідегі фанаттарын таңғалдырғанымен, олар клиптегі қыздың оның табиғатына сай келмейтінін айтып наразы болған.

Тіпті, мұндай дүниелерді үлкен кісілерге көрсетудің өзі ұят деген пікірлерді айтқандар да болды.

Бұл пікірді тек қазақстандық қана емес, сонымен бірге ресейлік фанаттары да айтқан.

Тағы оқыңыздар: Қызды болған Қарақат Әбілдина босанғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты

"Димаш, егер жанкүйер қыздар сенен бас тартпасын десең, казақ, орыс, украин режиссерлері мен клипмейкерлерінің клиптеріне түспегенің дұрыс. Мынау дөрекі, эстетика тұрғысынан дұрыс түсірілмеген дүние. Ал қытайлықтар сені өте нәзік, сымбатты етіп түсіре алады. Әрине, таңдау өз еркіңде", - деп ақылын айтты желі қолданушыларының бірі.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel