RU

Астаналық бойжеткен әлемге әйгілі брендтің моделі атанды (фото)

Италиялық киім модельері, әйгілі Dolce & Gabbana сән үйінің негізін қалаушы Стефано Габбана Instagram парақшасында астаналық Ботагөз Балабекованың суретін жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

@bota_070 парақшасының иесі Ботагөз бұдан бірнеше күн бұрын Instagram парақшасында танымал дизайнер Dolce&Gabbana-ның киімімен тұрған суретін жариялаған. Ол суретті Стефано Габбана парақшасында бөлісіп, сурет астына "DGGirl" (Dolce&Gabbana-ның қызы) деп жазған.

Еске салайық, Ботагөз Балабекованы қазақстандықтар  көрікті бойжеткен ретінде ғана емес, отандық аяқ доп шебері Ұлан Қонысбаевтың бұрынғы сүйіктісі ретінде де жақсы таниды.

Тағы оқыңыздар: Димаштың бейтаныс қызбен түскен видеосы оның фанаттарын дүрліктірді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1542541-astanalyq-qazaq-qyzy-alemge-aygili-br.html