RU

Таиландта 30 жастағы саяхатшы қызды алып кесіртке жеп қойды

Таиландта 30 жастағы бельгиялық саяхатшы Элиза Даллемангенің өлімі тергеліп жатыр деп хабарлайды шетелдік басылымға сілтеме жасап Хабар24.kz.

Айта кетейік, Элизаның жұлмалап желінген мәйіт қалдықтары Тау аралынан сәуір айында табылған еді. Жергілікті полиция өкілдері марқұмның туыстарына оның өз-өзіне қол салғанын айтса да, Элизаның отбасы бұған сенбеген.

Даллемангенің денесін алып кесіртке адам танымастай жұлмалап тастағандықтан, марқұмның жеке тұлғасын тек стоматологиялық сараптама арқылы анықталған.

Бойжеткеннің ата-анасы соңғы айда қызының әлемді аралап, йогамен шұғылданып, медитация жасап жүргенін айтты. Соңғы кезде Бельгия азаматшасы «Скайп» арқылы туыстарымен өлерінен бірнеше күн бұрын байланысқа шыққан. Қыздың көңіл-күйі жақсы болған, тіпті «жұмақ аралында» табиғатта жалғыз өмір сүріп жатқандығы үшін бақытты екенін де жеткізіпті.

Элизаның ата-анасы мәйіттің қасында өлім алдындағы қоштасу хатының табылмағанын алға тартты. Тілшілер болса тайлық полицейлер туристерді шошытып алмас үшін шетелдіктің өліміне қатысты шындықты тіс жармай отырғандарын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1542693-tailandta-30-zhastaghy-sayakhatshy-qyzdy-aly.html