RU

Құны екі миллион еуродан асатын Қазақстандағы ең қымбат футболшы кім?

Елордалық "Астана" футбол клубына бүгін ғана ауысқан хорватиялық жартылай қорғаушы Марин Томасов ел біріншілігіндегі ең қымбат екінші футболшы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Хорватия біріншілігінің 2015/2016 маусымындағы ең үздік футболшысының transfermarkt.de порталы ұсынған мәліметі бойынша нарықтағы құны екі миллион еуроға бағаланып отыр. Осылай ол еліміздегі ең қымбат футболшылар тізімінде Рохар Каньяспен екінші орынды бөлісіп отыр.

Тағы оқыңыздар: Көптен күткен той: Месси өзіне екі ұл сыйлаған ғашығына үйленді

Еліміздегі ең қымбат футболшылардың көшін "Қайраттың" шабуылшысы Жерар Гоу бастап тұр. Ивуарлық шабуылшы футбол нарығында 2,5 миллион еуроға бағаланып отыр.

Үшінші орында "Ордабасының" аргентиналық қорғаушысы Пабло Фонтанелло жайғасқан. Оның бағасы - 1,8 миллион еуро. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1542764-quny-eki-million-euro-turatyn-qazaqst.html