RU

Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды (фото)

Облыс әкімі Алтай Көлгінов қала активіне жаңа әкімді таныстырды. Бұған дейін Теректі ауданын басқарып келген Мұрат Мұқаев Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен қала әкімі болып тағайындалды.

Мұқаев Мұрат Рахметұлы 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1992 жылы аудандық деңгейде салық инспекциясының есепке алу жөніндегі инспекторы болып бастады. 1994-1997 жылдары банк саласында қызметтер атқарды.

1997-2011 жылдары Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша кеден саласында қызмет атқарған; 2011-2013 жылдары Орал қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;

2013-2016 жылдары Жәнібек ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарды; 2016 жылдың мамыр айынан бастап Теректі ауданының әкімі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1542821-oral-qalasyna-zhanha-akim-taghayyndaldy.html