RU

Тірі қуыршаққа ұқсағысы келген жігіт 58 рет ота жасатқан (фото)

Бразилиялық жігіт тірі қуыршаққа ұқсау үшін 58 рет ота жасатып, жарты миллион доллар жұмсаған. Тіпті ол жақында мінсіз мүсінін жағажайда көрсетіп, елді есінен тандыра жаздаған деп хабарлайды  fishki.net порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Родриго Алвес өзгелер секілді қарапайым жігіт болған. Алайда ол әлемге шамадан тыс көп ота жасатуымен танымал болды.

33 жастағы азамат өзін жартылай бразилиялық жартылай британдық деп есептейді.  Дегенмен жұрт оны трансвистит ретінде көбірек біледі.

Тағы оқыңыздар: Айына 1,5 миллион теңге тапқан стриптизші қазақ қыз қалай танымал кәсіпкерге айналды? (фото)

Тірі қуыршаққа ұқсағысы келіп, талай құрбандыққа барған жігіт ер адамға тән табиғи болмысын жоғалатса да, бүгінде жұлдыз болып үлгерген. Родриго үнемі түрлі фототүсірілімдер мен телешоулардың көркі.

Залда жаттығуды ұнатпайтын Родриго отаны көмегімен өз ойындағы нәтижеге жеткен. Бүгінде жұрттар оны тірі қуыршақ Кена деп атайды.

Тағы оқыңыздар: Боянғанда қыздардан асып түсетін жігіттерді білесіз бе?

Суреттер: Родриго Алвестің Instagram парақшасынан алынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1542838-tiri-quyrshaqqa-uqsaghysy-kelgen-zhigit-58.html