RU

Балабақшадағы ғашығына 20 жылдан кейін үйленген жігіт көпшілікті сүйсінтті

Лора Шил мен Мэтт Гродскидің махаббат хикаялары адам сенгісіз. Олар алғаш рет балабақшада танысқан. Кішкентай күнінде-ақ бүлдіршін қызға ғашық болған Мэтт көпшіліктің алдында өскен соң Лораға үйленетінін жариялаған деп хабарлайды funny24.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

"Балабақшада біз бәрін бірге жасайтынбыз", - деп еске алады Лора.

"Оны таңғалдыру үшін бәрін жасайтыным есімде. Барлық балалардың алдында өскен соң осы қызға үйленемін деп уәде бергенмін", - дейді Мэтт.

Балабақшадан кейін олар екі түрлі мектепке барған. Кейін есейген соң, ортақ достарының кешінде кездескен.

Тағы оқыңыздар: Айына 1,5 миллион теңге тапқан стриптизші қазақ қыз қалай танымал кәсіпкерге айналды? (фото)

2015 жылдың мамыр айында Мэтт Лораға екеуі танысқан балабақшада ұсыныс жасайды.

Жол бойы Лора олардың неліктен балабақшаға бара жатқандарын түсінбеген. Мэтт болса жеткенше қалтасындағы жүзігін тексерген.

"Мен тізерлеп тұрып Лораға ұсыныс жасадым, ол болса "иә" деп айтты", - дейді романтик жігіт.

Тағы оқыңыздар: Боянғанда қыздардан асып түсетін жігіттерді білесіз бе?

2016 жылдың желтоқсан айында жас жұп отбасын құрды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1542844-balabaqshadaghy-ghashyghyna-20-zhyldan-keyin.html