RU

Немересінің интимді суреттерін порно сайтқа салған ақтаулық қамаудан босатылды

Немересінің интимді суреттерін шетелдік порно сайттарға салған 1955 жылғы Ақтау тұрғынының ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу тараптардың татуласуымен тоқтатылды деп хабарлайды lada.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

62 жастағы қарияны Қылмыстық кодекстің 124 бабы ("Жас балаларды азғындық жолға түсіру") бойынша күдікті ретінде ұсталған. Дерекөздің хабарлауынша, сурет түсірумен әуестенген ер адам кішкентай немересінің интимді суреттерін шетелдік порносайттарда жариялаған.

Тағы оқыңыздар: Балабақшадағы ғашығына 20 жылдан кейін үйленген жігіт көпшілікті сүйсінтті

"Тергеу барысында суреттердің шамамен алты жыл бұрын түсірілгені анықталды. Істің мерзімі өтіп кетуі және тараптардың бейбіт келісімге келуіне орай күдіктіге қатысты іс тоқтатылды. Ол қамаудан босатылды", - деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1542912-nemeresin-intimdi-suretke-tusirgen.html