Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баян Есентаева: Ол менің басымды айналдырып алды (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық танымал продюсер Баян Мақсатқызы Muzzone телеарнасының бас редакторы Мухит Сапарбаевқа сұхбат берді. Аталмыш видео YouTube желісіне жарияланған деп хабарлайды NUR.KZ.

Сапарбаев өз сөзінде продюсердің оқырманға жол тартқалы отырған "Баян" атты кітабын түнгі сағат екіде оқып бітіріп, алған әсерінің керметтілігі соншалық, таңғы беске дейін ұйықтай алмағанын жеткізді.

Есентаева болса Тұрсынғали Алагөзов өзінің басын айналдырып тастағанын алға тартты.

Барлығы КешYOU тобының он жылдық концертіне дайындық кезінде басталыпты. Ауқымды шараға жауапкершілікпен қарайтын сәтте Алагөзовке ғашық болған Баянның ештеңеге зауқы соқпаған.

Продюсердің әпкесі Бағым Мухитденова Алагөзовтің әйелі бар екенін айтып, дал болады. Алайда, Баян ол кезде жаңа сезімнің жетегіне еріп кеткен.

Тағы оқыңыздар: Жұрт талантына таңдай қаққан қазақстандықтар кім? (видео)

"Сәуір айында КешYOU тобының концертіне дайындықтың қалай өткені есімде жоқ. Мен білмеймін. Мен дайындықтарға келіп жүрдім. Жиналыстарда да болдым. Режиссерлер мен қоюшыларға және басқаларына да тапсырма бердім. Барлық киім өлшейтін сәтте де қыздардың жанында болдым. Мұның барлығы тек автоматты түрде жүзеге асып жатты. Өйткені, бұл концертте менің жаным болмады. Мүмкін, бірінші рет (...)

Адамдар кешке келе ме, жоқ па, LED экрандар қосыла ма, қосылмай ма, костюмдер уақытында дайын бола ма, маған бәрібір болды. Мен жәй ғана: "Мен жасай алмаймын", - деп айттым. Менің басым істемей қалды. Мен тек қана раушан гүлдерімен мохито дәмін елестеттім. Анығында, мен ештеңені ойдан құрастырған жоқпын. Мен толықтай өшіп қалдым", - деп баяндады Есентаева.

Ғашықтықтан басы айналған продюсер махаббаттың қанша қаласаң да жүзіп шыға алмайтын су тасқыны секілді күшті екенін айтты. 

Сонымен қатар Баян түрмеде отырған бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев туралы да айтты. Оның айтуынша, олар үнемі тыныш әрі сабырлы болған. 

Сөз соңында продюсер бұдан былай өз өмірінің әдемі емес екенін жеткізді. Ол адамдардың зұлымдығынан шаршағандықтан бір жыл бойы екімге сұхбат бермейтінін кесіп айтты. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1542979-bayan-esentaeva-ol-meninh-basymdy-aynal/

pixel