RU

Еліміздің бірқатар аймақтарында қатты ыстықтан өрт қаупі сақталады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады деп хабарлайды Казгидромет.

Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ақмола, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с болып, бұршақ болуы мүмкін. Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарында желдің күші 15-20 м/с болады.

Күндіз Кызылорда, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі, Атырау, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан облыстарында қатты ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Атырау облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1543071-elimizdinh-birqatar-aymaqtarynda-qat.html