RU

Баян Есентаеваның жанкүйерлері кітап үшін түнгі үшке дейін ұйықтамаған

Баян Есентаеваның жанкүйерлері түн ішінде продюсер кітабының тұсаукесеріне жиналды. Аталмыш шара Алматыдағы кітап дүкендерінің бірінде бірінші шілдеден екісіне қараған түні өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Жанкүйерлер, анығында қыздар, Алматыдағы "Marwin" дүкенінің алдына кешкі сағат он бірден бастап келді.

Сағат тілі он екіге жақындағанда кітаптар әкеліне бастады - барлығы 1000 дана. Оларды тек алдын ала сатылымға ғана шығарған, өйткені кітаптың ресми тұсаукесері 5 шілде күні өтеді.

Продюсердің кітабы орыс және қазақ тілдеріде барлығы 20 мың дана тиражбен шығарылған. Жұмсақ мұқабадағы 190 беттік кітаптың бағасы 3750 теңге тұрады.

Осы орайда айта кетер болсақ, аталмыш дүкенде әлемдік бестселлердің бағасы 2500 теңгеден басталады екен. Мысалы, әйгілі «Шантарам» қатты мұқабада және көлемінің үлкен болғанына қарамастан 3200 теңге тұрады екен.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің бірқатар аймақтарында қатты ыстықтан өрт қаупі сақталады

Баян Есентаева келгенше, «Меломан» компаниясының бас директоры Вадим Голенко неліктен кітап бағасы қымбат екенін және не үшін алдын ала көрсетілімге түнгі уақыт таңдалғанын айтып берді.

«Негізінде, бұл жай ғана тәжірибе, әйтпесе, ең қарапайым нұсқасы - кітапты сөреге шығарып, сатып алушыны күтіп отыру емес пе? Бұл - Баянның оқырмандарына деген құрметі. Бұл өте маңызды сәт», -дейді директор.

Сондай-ақ, ол Баянның кітабына деген сұраныстың көп екенін, сол себепті сатылым бойынша рекорд жинайтынын алға тартты.

Тағы оқыңыздар: Жедел жәрдем қызметіндегі ең көрікті ару жүкті әйелді үйінде босандырып алды (фото)

«Мен бұл кітапты өзім де оқып шықтым. Оның мені баурап алғаны соншалық, кейінге шегеріп қоя алмадым. Ал, бағасына келер болсақ, арзанырақ болу үшін Баян оны алдымен Қытайда басып шығарғысы келді. Бірақ, кітапта жазылған оқиғалардың барлығы Қазақстанға қатысты болған соң, оны өз елімізде шығару керек деп ұйғардық. Ал, отандық басылымдар техникалық себептерге орай қымбатқа шығады», - деп түсіндірді Вадим Голенко.

Баян Есентаеваның өзі күйеу жігіті Тұрсынғали Алагөзов пен кіші қызы Айарумен бірге он минутқа кешігіп келді. Продюсер келушілердің көп, ал уақыттың аз екенін алға тартып, кітапқа тілек жазбай, жай ғана қолтаңба қоятынын бірден ескертті.

Одан бөлек, Баян жанкүйерлеріне селфи жасамауды өтінді. Ал өзімен суретке түскісі келген әрбір адамды кәсіби фотограф суретке түсірді. Осынша көп адамды күтпегенін жасырмаған продюсер ұйқысын қиып келген жандарға рахмет айтты.

Кітап шығаруға көмектескен редакторларға және ата-анасына алғысын жаудырған Есентаева бұрынғы күйеуін де атап кетті.

Тағы оқыңыздар: Баян Есентаева: Ол менің басымды айналдырып алды (видео)

Бұл жиынға түнделетіп кішкентай балаларын алып келгендер де болды.

Кітаптың алдын ала таныстыруының трансляциясы мына жерде:

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1543078-bayannynh-zhankuyerleri-onynh-kitaby-ushi.html