RU

Атақты боксшы Пакьяо Генаның Альваресті жеңуге мүмкіндігі барын айтты

Филиппиннің белгілі боксшысы Мэнни Пакьяо Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

Сегіз категория бойынша әлем чемпионы рингте екі мықты боксшының кездесетінін, бірақ қазақстандықтың белгілі бір басымдықтары болатынын айтты деп хабарлайды BoxingScene.

Тағы оқыңыздар: Жедел жәрдем қызметіндегі ең көрікті ару жүкті әйелді үйінде босандырып алды (фото)

"Бокс қараймын. GGG мен "Канелоның" жекпе-жектерін көріп, айызым қанады. Бұл өте жақсы әрі қиын жекпе-жек болады, бірақ Головкиннің күш пен ашуда басымдықтары болады.

Нокаутпен немесе ұпаймен жеңіс болатын-болмайтынын білмейміз, бір білерім екеуі де жақсы боксшы", - деп келтіреді басылым Пакьяоның сөзін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1543143-ataqty-boksshy-pakyao-genanynh-alvare.html