Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқу орнын балағаттаған атыраулық түлектер ақыры қамауға алынды

Опубликовано:

Алдымен өздері оқыған білім ордасын балағаттап, кейін өз әрекеттеріне өкініп, көпшіліктен кешірім сұраған жастардың видеосы оларды тәртіп сақшыларының құрығынан құтқара алмады. Түлектер "Шағын бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған деп хабарлайды NUR.KZ.

Атырау қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеуінше, желіні шарлап кеткен видео авторларының екеуі сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылғандарға арналған арнайы бөлімшеге қамалған.

Үшінші қатысушы қыз тек бір тәулікке ғана түрмеде отырмақшы. Ал кәмелеттік жасқа толмаған төртіншісіне сот шешімі кейінірек шығады.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің бірқатар аймақтарында қатты ыстықтан өрт қаупі сақталады

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Атыраудағы Каспий маңынан ашылған заманауи колледж түлектерінің оқу орнын балағаттаған видеосы желіде қызу талқыға түсіп, дау тудырған болатын.

Кейіннен жастар ұятты қылық жасағандары үшін өкініш білдіретінін айтып қайта видео түсірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1543148-oqu-ornyn-balaghattaghan-atyraulyq-tul/

pixel