Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеу жігітінің «жылан биін» көрген қалыңдық тұрмысқа шығудан бас тартты

Опубликовано:

Үндістандық келін күйеу жігітінің «жылан биін» көріп, тойдан бас тартты. Тіпті бұған қыздың жақындары да қолдау білдіріпті.

Оқиға елдің солтүстігіндегі Уттар-Прадеш провинциясында Приянка Трипати мен Анубхав Мишраның тойында болды деп жазады En son haber порталы.

Екі жақтың туыстары бір-бірлеріне сыйлық жасап, құда түсу жоралғыларын жасап болған еді. Алайда күйеу жігіт қалыңдығының жанұясын қарсы алар уақытта диджейдің қойған әніне шыдай алмай, жерге жата қалған. Бұл аздай өзін жылан сезініп, ысылдап, жерде шыр көбелек айналып билей кеткен. Ал күйеу жігіттің жақын досы оның бұл өнерін қызық көріп, үстіне ақша шаша бастапты.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің бірқатар аймақтарында қатты ыстықтан өрт қаупі сақталады

Таныстарының айтуынша, күйеу жігіт ащы суға тойып алған көрінеді. Негізінен үнді тойларында бұл би танымал, десе де күйеу жігіт оның орындау мақамын тым әсірелеп жіберген. Мұндайды көрмеген қалыңдық болашақ жұбайының әрекетінен намыстанып, үйлену тойын өткізуден бас тартқан.

Күйеу жігіттің отбасы келіндерін райынан қайтаруға тырысқанымен, бұл іс нәтижесіз болған. Салдарынан жағдай ушығып, той өтіп жатқан жерге полицейлер келіп жеткен.

Тағы оқыңыздар: Атақты боксшы Пакьяо Генаның Альваресті жеңуге мүмкіндігі барын айтты

Қалыңдықтың әкесі қызын қолдайтындығын білдіргеннен кейін күйеу жігіт тарапы үйлеріне тарқасады. Ал қалыңдық болса ертесі күні құда түсу арқылы басқа бір жігітпен шаңырақ көтерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1543153-kuyeu-zhigitininh-zhylan-biin-korgen-q/

pixel