RU

Отандық танымал әншіні африкалық әйелдер алып қалмақшы болған

Қазақстандық танымал дәстүрлі әнші Қайрат Байбосыновты африкалық әйелдер алып қалмақшы болған. Бұл туралы ол "Қазақстан" ұлттық арнасындағы "Дара жол" бағдарламасында айтып берді.

Танымал дәстүрлі әншінің өмір жолына арналған «Дара жол» бағдарламасы барысында жүргізуші Дана Нұржігіт әншіден басынан өткен қызықты оқиғалары жайлы айтып беруін сұрады.

Сол кезде Қайрат Байбосынов өзінің Африкаға барған бір концерттік сапарында көрермен болып отырған африкалық әйелдердің өзін алып қалмақшы болғанын айтты.

«Бізді де ала кет. Әйтпесе өзің қал осында деп, етегімнен тартқан әйелдер болды», - дейді танымал әнші.

Тағы оқыңыздар: Баян Есентаеваның жанкүйерлері кітап үшін түнгі үшке дейін ұйықтамаған

Сонымен қатар көп қызықты жайлардың әйгілі «Ағашаяқ» әніне қатысты екенін айтады әнші. Тіпті бірде, қарсы алдына келіп суретке түсіргелі жатқан фотограф кең тыныспен, жоғары диапазонмен әуелетіп басталатын әнді естігенде фотоаппаратын лақтырып жіберіп, шалқасынан түскен екен.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1543165-otandyq-tanymal-anshini-afrikalyq-aye.html