RU

Шалқарлықтар «қадірін түсінбеген» әкімді Сапарбаев өзге басшыларға үлгі етті

Мұғалжар ауданына жасаған сапар барысында бірқатар жұмыстармен танысып шыққан Бердібек Сапарбаев өзге аудан әкімдеріне Мұғалжар ауданының басшысы Ербол Данағұловтан үлгі алу керектігін айтты деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Айта кетейік, осыған дейін Шалқар ауданына басшылық етіп келген Ербол Данағұловты кезінде ауыл ақсақалдарынан бастап орта жастағыларға дейін Сапарбаевтың көзінше жерден алып жерге салған-ды.

Бүгінде өзге ауданға келген Данағұлов мұғалжарлықтардың да, Бердібек Машбекұлының да көңілінен шығып отырған сыңайлы.

Тағы оқыңыздар: Күллі әлем күткен "Кемальдың" тойы қалай өтті?

Аудан әкімі аудандағы абаттандыру бағытында жүргізілген жұмыстармен таныстырды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев онысын жоғары бағалап, көшпелі отырысқа келген аудан әкімдеріне осындай жұмыстарды өз аудан орталықтарында жүргізу керектігін тапсырды.

Облыс әкімі жаңа саябақты да аралады. Сметалық құжаттамаға сәйкес, саябаққа тутұғыр, түрлі мүсіндер, фонтан орналастырылады. Бұдан кейін облыс басшысы жаңадан салынатын саябаққа уақыт капсуласын салып болашаққа хат жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1543261-shalqarlyqtar-qadirin-tusinbegen.html