RU

22 жастағы Еламан Ерғалиев "Қазақстан барысы" атанды (видео)

Астанада өткен Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен VII Республикалық турнирінде  22 жастағы Еламан Ерғалиев "Қазақстан барысы-2017" атанды деп хабарлайды NUR.KZ.

Финалдық жекпе-жекке Ұлан Рысқұловпен шыққан қызылордалық палуан қарсыласын жамбасқа лақтырып, таза жеңіске жетті.

Бұған дейін "Әскер барысы" атанған спортшы 10 жылдан бері қазақша күреспен қатар дзюданы да бірге алып келе жатқанын айтады.

Жеңімпаз атанған Еламан Ерғалиевке алтын белбеу және алтыннан құйылған «Тайтұяқ» табысталады. Сондай-ақ, жас палуанға 25 миллион теңге, бапкеріне 3 500 000 теңге бұйырды.

Ал, екінші орын иеленген Ұлан Рысқұлға күміс белбеу мен 5 500 000, бапкеріне 1 800 000 теңге берілді.

Тағы оқыңыздар: Қазақстан Барысы: Астанада жылдың ең үздік спорттық оқиғасы өтті

Айта кетейік, елодадағы "Барыс Арена" сарайында өткен "Қазақстан барысы-2017" турнирі жетінші рет ұйымдастырылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1543304-22-zhastaghy-elaman-erghaliev-qazaqstan-ba.html