RU

Күйеу жігіті пәктігіне күмән келтірген 18 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсады (фото)

Тәжікстанда 18 жастағы Раджабби Хуршед есімді ару үйлену тойдан кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Істі құқық қорғау ұйымдары өз қолдарына алды.

Раджабби Хуршед және ауыл тұрғыны Чорбог Зафар Пиров алғаш рет бір-бірімен үйлену тойлары үстінде танысқан. Ал қыздың пәктігі  туралы дау алғашқы неке түні орын алған деп жазады "Радио Озоди".

Раджаббидің туыстарының айтуынша, тойға дейін ол медициналық тексеруден өткен және оның генетикалық сараптама мен денсаулық жағдайы туралы екі анықтамасы болған.

Тәжікстанда жаңа ереже бойынша, некеге отырғысы келетіндер егер өздері қалайтын болса денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама көрсетулері тиіс. АИТВ, гепатит және басқа да жұқпалы аурулармен ауыратындарға тұрмысқа шығуға немесе үйленуге тыйым салынбайды.

Күйеу жігіт Зафар Пиров қалыңдықтың адалдығына күмәнданып, оны Душанбеге қайтадан тексеруден өткізуге апарады. Бірақ ол сараптама қыздың пәк екенін дәлелдегеннен кейін де сенім білдірмеген. Жас жұбайлар күн сайын осы үшін ұрсысатын болған.

Тағы оқыңыздар: "Сыбағаның" керегі жоқ: Өзіне тиесілі ақшасын ала алмаған шаруа жанайқайын жеткізді

22 маусым күні Раджабби өзіне қол жұмсауға шешім қабылдайды. Қалыңдықтың бауыры YouTube желісіне салған видеосюжетте Раджабби өмір сүргісі келмейтінін және өзіне қол жұмсайтынын айтқан.

Сол түні қалыңдық сірке қышқылын ішеді. Раджаббиді емханаға жібергенмен, дәрігерлер бүйрегі жұмыс істемей қалған қызды аман алып қала алмады.

Тағы оқыңыздар: Францияда бетперде кигендер мешіттен шығып келе жатқан адамдарға оқ жаудырған

Марқұмның анасы Фазила Мирзоева қызын осы жағдайға күйеу баласы жеткізгеніне сенімді.

"Мен күйеуі оны Душанбеге қайта тексеруге апарғанын естігенде, оларға барып, қызымды алып кеткім келетінін айтқанмын. Бірақ Зафардың анасы алаңдайтын ештеңе жоқ екеніне сендірді", – дейді Фазила 29 маусым күні Радио Озодиге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Раджабби анасымен сөйлескен қысқа әңгімесінде күйеуінің көшеге шығуға қатаң тыйым салғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1543422-kuyeu-zhigiti-paktigine-kuman-keltirg.html