RU

Францияда бетперде кигендер мешіттен шығып келе жатқан адамдарға оқ жаудырған

Францияның Авиньон қаласындағы мешіттің маңында болған атыс кезінде кемінде 8 адам зардап шекті.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бетіне бетперде киген екі адам мешітке келіп, ғимараттан шығып жатқан адамдарға оқ жаудырған.

Оқиға салдарынан көшеде жүрген 4 адам мен сол маңайда тұратын отбасының мүшелері зардап шекті.

Атыс болған жерге құқық қорғау қызметкерлері келіп жеткенде оқ жаудырушылар ізін суытып үлгерген.

Тағы оқыңыздар: Аты әлемге әйгілі Трамп журналистерді "мазақ" қылғаны үшін сынға қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1543431-franciyada-betperde-kigender-meshitte.html