RU

Аты әлемге әйгілі Трамп журналистерді "мазақ" қылғаны үшін сынға қалды

АҚШ президенті Дональд Трамптың Twitter-де жариялаған видеосын журналистер CNN мен басқа да медиалар арасындағы жанжалды өршітеді деп бағалады.

2 шілдеде президенттің Твиттердегі ресми парақшасында жарияланған видео осыдан бірнеше жыл бұрын түсірілген. Онда сол кездегі кәсіпкер Трамп рестлинг жекпе-жегінде рингтен құлап түскен атлетті ұрғаны көрсетілген. Бірақ оның беті CNN деген жазуы бар электронды бетпердемен тұмшаланған.

Америкалық баспасөз президенттермен үнемі бәсекелесіп жүреді, бірақ Дональд Трамп журналистермен арадағы майданда жаңа әрекетке барыпты.

Тағы оқыңыздар: Олимпиада чемпионы Баландин Болгарияда екі бірдей жүлдені қанжығасына байлады

CNN телеарнасының жексенбі күні жариялаған мәлімдемесінде президенттің тілшілерге нұқсан келтіруді қолдайтын ұстанымы кісі аярлықтай екені айтылған. "Біз өз жұмысымызды жасай береміз. Президентке өз міндетін орындай бастағаны абзал", - делінген мәлімдемеде.

Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне алты ай болды. Қоғамдық пікір сауалнамасы оның америкалықтар арасында беделі төмен екенін көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1543443-alemge-aty-aygili-tramp-mazaq-tvit-zhar.html