RU

Алматыда жемқорлықпен ұсталған шенеуніктің Mercedes көлігін сатып жіберген

Алматыда сот орындаушылары сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны үшін жазаланған шенеуніктің қымбат Mercedes көлігін сатып жіберген деп хабарлайды Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

2015 жылы мемлекеттік мекеме шенеунігін сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны үшін қамауға алып, 20 миллион теңге айыппұл салған.

Ол айыппұлын төлемеген, 2015 жылдың желтоқсан айында сол үшін оны үш күн қамауға алады.

Анықталғандай, оның атына ешқандай мүлік жазылмапты. Бірақ оның жарының атында Mercedes-Benz S600 және неке кезінде алынған жер участігі болған. 

Тағы оқыңыздар: Күйеу жігіті пәктігіне күмән келтірген 18 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсады (фото)

Мүліктің бәрі тәркіленіп, әйеліне 50 пайыз үлесін сатып алуды ұсынады, бірақ ол бұл ұсыныстан тартқан.

Нәтижесінде көлік пен участікті аукционда сатқан, қаржының жартысын оның жарына, қалғанын қарыз мерзімін ұзарту үшін мемлекетке берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1543460-almatyda-zhemqorlyqpen-ustalghan-shene.html