RU

Қостанай облысының әкімі мешітке барып, намазға жығылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бір жылдан бері Қостанай облысын басқарып отырған Архимед Мұхамбетов намазға бет бұра бастады. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне Қостанай облысының Тегиль селолық округының әкімі баяндап берді.

Орыстанған өңірге қазақылықты енгізіп жатқан жас әкім қостанайлықтарды шулатып жүр.

"Қостанайды дұрыстап жатыр. Облыс әкімі орталықтан керемет мешіт салды, көшелерді дұрыстады, қалаға көпір салды. Қазір сол салған мешітке өзі жұма сайын намазға барады. Бұрынғы әкімдер мешітке бармақ түгілі қазақша сөйлей алмайтын. Ол кісінің ораза ұстағанын не ұстамағанын білмеймін. Бірақ  мешітке жұма намазға барып жүргенін естідім",- дейді Сарыкөл ауданы Тегиль селолық округының әкімі Сағымбай Сүндеталин.

Тағы оқыңыздар: Желі қолданушылары: Төреғали Төреәлінің екінші баласы дүниеге келді (фото)

Облыс басшысына риза болған ауыл әкімі оның намазға жығылатынын қайта-қайта айта берді.

"Біздің әкіміміз жарап тұр. Көпірді қайтадан жасап берді. Біздің облыста қаншама әкім болды, сол мешіт салынбай тұр еді. Мешіттің ішінде кітапхана, көлік тұрағына дейін бар. Жұма сайын мешітке барып, намазға тұрады екен. Түсінесіз бе, намазға тұрады! Ол кісі мықтап талап қоя біледі. Ауылдық округтің үш әкімін орнынан алуға бұйрық берді."«Өз орындарында отырған жоқ" деп кесіп айтты. Олар ауылда ешқандай жұмыс  тындырмаған",- дейді Тегиль селолық округының әкімі Сағымбай Сүндеталин.

Тағы оқыңыздар: Алматыда жемқорлықпен ұсталған шенеуніктің Mercedes көлігін сатып жіберген

Қостанай облысына барған жас әкімді ауылдың таксистері де мақтап жүр.

"Ыстық су таза болып ағып тұр. Бізде осы уақытқа дейін мұндай болмаған. Ыстық су лас, сары болып келетін еді. Оған қоса ауылдың жолын дұрыстап жатыр. Қарамағындағыларға тапсырманы беріп, талапты қояды. Бізге жағдайымызды жасаса болды емес пе?!",-дейді қала тұрғыны.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қостанай облысының әкімі мешітке барып, намазға жығылды
Mailfire view pixel