RU

13 ұлды дүниеге әкелген ерлі-зайыпты Құдайдан күні-түні қыз тілеп отыр

спящий малыш
Фото: UGC

Жақында бразилиялық бұл жұптың тағы бір сәбиі дүние есігін ашты. Ол - отбасындағы 13-ші бала, бір қызығы олардың барлығы ұлдар. Жұбайлар жанұяға қыз бала келгенше дүниеге сәби әкелулерін тоқтатпауға уәде берген деп жазады justfun.su.

40 жастағы фермер Ирнеу Круз және оның жары Джусислейда Сильваның отбасы құрғандарына 12 жылдан асты.

Тағы оқыңыздар: "Сыбағаның" керегі жоқ: Өзіне тиесілі ақшасын ала алмаған шаруа жанайқайын жеткізді

Олар алғаш үйленгенде дүниеге ұл бала келсе есімін отағасы, қыз бала келсе әйел қояды деп шешкен.

Әзірше отбасында кілең ұл бала болғандықтан, олардың бәрінің есімін Ирнеу ғана қойған.

"Мен әрдайым бразильялық Роберто Карлос, Роналдиньо, Ривалдо, Робинье сынды футболистерге таңғалатынмын. Мен кәсіби спортшылардың есімінің көбі "Р" әрпінен басталатынын байқап, олардың барлығының есімін "Р" әрпінен қойдым", - дейді балалардың әкесі.

Ұлдардың ең үлкенінің жасы 18-де, ал кішісі әлі жасқа толмаған. Робсон — 18, Рейнан — 17, Раунан — 15, Рубенса — 14, Ривалдо — 13, Руан — 12, Рамон — 10, Ринкон — 9, Рикельме — 7, Рамирес — 5, Райлсон — 3, Рафаэль — 2, ең кішкентайлары - Роналду.

Тағы оқыңыздар: Архимед Мұхамбетов аймақты қазақыландыру үшін мешітке барып, намазға жығылды

"Мен әрдайым түскі асқа бір келі күріш, бір келі бұршақ пен бір пакет макарон дайындаймын. Кейде қиын жағдайлар орын алады, ондай сәтте бір бөлке нанның өзін бөліп жейміз", - дейді Джусислейда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1543585-13-uldynh-ata-anasy-qyz-bala-duniege-kelm.html