RU

Алматыда полицейлердің көз алдында ішімдік ішкен жүргізуші қызу талқыға түсті

Алматы полицейлері қала көшелерінің бірінен өздері күдіктенген көлікті тоқтатқан. Жүргізушінің аузынан алкогольдің иісі мүңкіп тұрды. Оның үстіне ол тәртіп сақшыларының көз алдында сыра ішіп, хаттамаға қол қоюдан бас тартты деп хабарлайды patrul.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

"Жас қанат" ықшам ауданын шолып жүрген полицейлер өздерінің күдігін туғызған Skoda Rapid автокөлігін байқап қалған.

Рөлдегі ер адам мас күйінде ұсталды. 

Жүргізуші хаттамаға қол қоюдан бас тартып, пластик бөтелкеден сыра ішіп тұрды. Құжаттарды бекіту үшін полицейлерге куә болатын адамды шақыруға тура келді.

Тағы оқыңыздар: Адасқан тағдыр: Үш жігітпен некесін қиған бойжеткен өмірден баз кешіп кетті

Оның көзінше жүргізуші бөтелкені шөптің арасына тыға салды. Бірақ оны наркологиялық диспансерге апарар сәтте сырасын қайтадан өзімен бірге алып алмақ болды. 

Жүргізуші медициналық куәландырудан да бастапқыда бас тартты. Кейінірек ол сараптамадан өтуге келісіп, полицияның күдігі расталды.

Алкотестер 2,29 промилле - орташа алкогольдік мастық дәрежесін көрсетті. 

Жүргізуші соңғы сәтте ғана медициналық қорытындымен келісіп, қол қойды.

Мұнымен оқиға бітпеді. Полицейлерге автокөлікті айыппұл тұрағына қою үшін рәсімдеуге тағы да  куә болатын адамды шақыруға тура келген.

Мас күйінде көлік жүргізген азамат жауапкершіліктен қашуға қанша тырысса да, одан нәтиже шықпады: ол заңмен бекітілген әкімшілік құқықбұзушылық бойынша жазаланады.

Фото: patrul.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1543592-almatyda-kolik-zhurgizushisi-policeyl.html