RU

Өзенге қолын жумақ болған журналистер суға батып кетті

Қырғызстанның Талас қаласында үшіні арнаның атқарушы директоры Суйун Омурбеков пен журналист Эльмира Суйутбекова өзенге құлап, ағып кеткен деп жазады Centralasian.org.

Қайғылы оқиға 1 маусым күні кешке "Беш-Таш" қорығында болған. Телеарна қызметкерлері осы жерге демалуға барады.

Журналистердің айтуларынша, Эльмира өзен суымен қолын шайғысы келгенде аяғы тайып кетіп, өзенге құлаған. Оны құтқарғысы келген Суйунді де өзеннің қатты ағысы алып кетеді.

Тағы оқыңыздар: Күйеу жігіті пәктігіне күмән келтірген 18 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсады (фото)

Кейін екеуін де судан шығарып алған, бірақ олар ауруханаға жетпей көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1543598-ozenge-qolyn-zhumaq-bolghan-qyrghyzstan.html