RU

Атышулы Ислам мемлекетінің көшбасшылары аяусыз өлтірілді

Сирияның оңтүстігіндегі Джиллин қаласында болған жойқын жарылыс кезінде Ислам мемлекетінің 10 дала командирінің көзі жойылды. Олар алдағы уақытта Дераа провинциясының батысына шабуыл жоспарын талқылау үшін штабқа жиналған деп хабарлайды centrasia.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Бұл оқиғаның қалай болғаны туралы бірнеше болжам бар. Бірі оларды АҚШ-тың әскери ұшағы жарды десе, енді бірі көлікке қойлыған минаның жарылысынан опат болды деп болжайды.

Қаза болған Ислам мемлекеті дала командирлерінің есімдері жария болды, олар: Әбу Хамза Әл-Комах, Әбу-Мадин, Әбу-Касурах, Әбу Убидах Әл-Шами, Ахмад Әль-Гази и Әбу Хашим.

Осы тізімдегі соңғы терроршы "Джейш Халид ибн Әль-Валид" ("Халид ибн Валид әскері") ұйымының бас әмірі болған.

Еnabbaladi басылымының хабарлауынша, жойылған штаб Джиллин қаласында орналасқан. Жарылыстан ондаған дала командирі қаза тапты. Әбу Хашим Ар-Рифаи  бас әмір "қызметіне" осыдан бір ай бұрын ғана келген.

"Джейш Халид ибн Әл-Валид" өздерінің жаңа басшысының атын атады. Ол Уаиль Фаур Әл-Ид. Оны Әбу Тайм Инхаль деп те атайды.

"Джейш Халид бин Әль-Валид" "оппозиция" әскеріне жиі шабуылдап отырады. Ол өзінің қол астындағы азаматтарға қатаң секталық заңдарды қолданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1543713-atyshuly-islam-memleketininh-koshbasshy.html