RU

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы телевизиялық жобаларға байқау жариялады

2017 жылдың 28 маусым және 8 шілде аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ телевизиялық жобалар бойынша өтінімдер қабылдайды.

Бағдарламалар тақырыбы: эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік-музыкалық жоба, релити-шоу және балаларға арналған танымдық-ойын-сауықтық бағдарлама.

Ұзақтығы 90 минутты құрайтын эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік-музыкалық жоба эфирге аптасына 1 рет шығады.

Ұзақтығы 60 минутты құрайтын реалити-шоу эфирге аптасына 2 рет, яғни сенбі және жексенбі күндері шығады.

Ұзақтығы 30 минутты құрайтын балаларға арналған танымдық-ойын-сауықтық бағдарлама эфирге аптасына 1 рет, яғни сенбі күндері шығады.

Байқауға портфолиосы бар, бұған дейін түрлі жанрда бағдарламалар түсірген, сапасы жоғары жоба дайындай алатын продюсерлік орталықтар мен студиялар қатыстырылады.

Байқауға Power point форматында мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған слайдтар, жобаның сметасы және төлқұжаты қабылданады. Онда бағдарламаның ұзақтығы, шығу мерзімі, мақсаты мен міндеті, құрылымы толық жазылуы керек. Сонымен қатар, бағдарламаның синопсисі немесе жобаның сценарлық жобасы тапсырылады және міндетті түрде төменде көрсетілген өтінім толтырылуы қажет.

Өтінімдер Астана қ., Қонаев көш., 4, «Қазақстан» телеарнасы (14 қабат) мекен-жайы бойынша немесе qazaqstantvk@gmail.com электрондық пошта арқылы қабылданады.

Қосымша ақпаратты 8 (7172) 55-38-66 телефон нөмірі бойынша Айгерім Мейрамовадан алуға болады.

Өтінімді жүктеуге арналған сілтеме: http://web.kaztrk.kz/static/docs/kz.docx

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1543729-qazaqstan-teleradiokorporaciyasy-t.html