Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жігіттер" тобының продюсері зәулім сарайындағы қымбат дүниесін көрсетті (фото)

Опубликовано:

"Жігіттер" тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов қала маңындағы қос қабатты үйін көрсетті. Бұған дейін продюсер жеке өмірін елге көп көрсете бермейтін. Алайда бұл жолы әнші "Астана" арнасына үйін түсіруге рұқсат берген.

Әбдірайымовтың айтуынша, бұл үйді олар бір жарым жылдың ішінде салып, бітер-бітпестен кіріп алған.

Ауданы 12х12 шаршы метр болатын бұл үй қатты үлкен емес, дейді продюсер.

Қонақ үзілмейтін шаңырақ болғандықтан, бұл үйде қонақ күту бөлмесі мен асхана ең маңызды бөлмелердің бірі саналады.

Ал продюсердің жары болса, үйіндегі ең қымбат әрі сәнді ыдыстарын көрсетті.

Айтуынша, әсем ыдыстар оның ең әлсіз тұсы. Сондықтан, ол кез келген уақытта ыдыс сататын дүкендердің маңынан құр қол қайтпайтын көрінеді.

Бұл үйде ағаш астаулардың түр-түрі бар. Продюсердің жары бұл ыдыстармен кез келген сыйлы қонақтарды ұялмастан күтіп алуға болатынын айтады.

Ал мына жасыл мен алтын түсті маталардан арнайы тігілген пердені олар бөлме төбесінің дизайнына сәйкестендіріп тіктірген. Бөлмедегі үстел жапқыш пен орындықтардың түсі де интерьермен әдемі үйлескен.

Ерғали Әбдірайымовтың айтуынша, үйінде спортзалы, моншасы, жайқалған бағы да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1543744-zhigitter-tobynynh-prodyuseri-qos-qabat/

pixel