RU

Аслан Мыңбаев жүрек талмасынан қайтыс болды

Аслан Мұхамбетбайұлы Мыңбаев 41 жасында қайтыс болды деп хабарлайды Tеngrinews.kz. Бұл туралы мәліметті Мыңбаев модернизация және даму жөніндегі вице-президент қызметін атқарған "ПетроКазахстан Ойл Продакт" компаниясының өкілдері растады.

Аслан Мыңбаев 1 шілдеде жүрегі ұстап, қайтыс болыпты.

"Компания ұжымы Аслан Мұхаметбайұлының қазасына байланысты жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз", - дейді компания өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша, Аслан Мыңбаев Алматыда жерленеді.

Тағы оқыңыздар: Атышулы Ислам мемлекетінің көшбасшылары аяусыз өлтірілді

Марқұмның "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың інісі екені белгілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1543978-aslan-mynhbaev-zhurek-talmasynan-qayty.html