RU

Аптап ыстық: Маңғыстау облысында ауа температурасы 56 градусқа дейін көтерілді (фото)

Кеше Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында ауа температурасы 56 градусқа дейін көтерілген. Бұл туралы NUR.KZ порталына ауыл тұрғындары хабарлады.

Ауыл тұрғынының айтуынша, ауа температурасы көлік ішінде 56 градусқа дейін көтерілген.

"Дәл мына көрсеткіш ағамның көлігінен түсірілген. Ал менің көлігімде 55,5 С болып тұрды. Аптап ыстықтан ел салқындатқыштың көмегімен қорғанып отыр", - деді ол.

Естеріңізге салсақ, синоптиктер алдағы үш күнде еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде күннің қатты ыситынын айтқан болатын. Оның ішінде Маңғыстау облысының кей өңірлерінде де ауа температурасы шектен тыс көтерілетіні туралы ақпарат берілген болатын.

Тағы оқыңыздар: Илья Ильин өзінің ислам дінін қабылдағанын жоққа шығарды (фото)

Sputniknews.kz агенттігінің жазуынша, 6-9 шілде аралығындағы мереке күндері Қазақстанның солтүстік бөлігінде күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін, ал оңтүстікте 42 градусқа дейін көтерілмек.

"Екінші және үшінші он күндікте аптап ыстық салқын әрі жаңбырлы күндермен алмасады", -  деді синоптик.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1544118-aptap-ystyq-manhghystau-oblysynda-aua-t.html