Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде алапат дауыл тұрғын үй балкондарын қиратып кетті (фото, видео)

Опубликовано:

Бүгін түсте Ақтөбеде алапат дауыл болды. Қатты дауылдан құрылыс алаңындағы мұнаралы кран құлап, тұрғын үйдің бірнеше балконын қиратып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Редакцияға хабарласқан оқырманның айтуынша, мұнаралы кранның құлауы салдарынан тұрғын үйдегі үш үйдің балконы қирап қалған. Абырой болғанда, зардап шеккендер болмаған.

Оқиға Батыс-2 деп аталатын шағынаудандардың біріндегі құрылыс алаңында орын алған.

Тағы оқыңыздар: Аптап ыстық: Маңғыстау облысында ауа температурасы 56 градусқа дейін көтерілді (фото)

Бұдан бөлек дауыл салдарынан қаладағы түрлі нысандар құлап, қала көшелеріндегі қозғалыс қиындай түскен.

 

Сонымен бірге, қаладағы автотұрақтардың бірінің шатырын жұлып әкетіп, сол маңдағы көліктерге де залалы тиген.

Айта кету керек, Baq.kz сайтының жазуынша, бүгін «Қазгидромет» РМК екі облыста дабылды ескерту жариялаған. «4-5 шілдеде күндіз Атырау облысында, сондай-ақ Ақтөбе облысының кей жерлерінде 40-43 градус ыстық болады», - деп ескертті синоптиктер.

Мұндай қатты дауылды көрмеген тұрғындардың есі шығып, жаппай желіге суреттер мен видео жүктеуде.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1544181-aqtobede-alapat-dauyl-turghyn-uy-balko/

pixel