RU

Үйлену тойын несиесіз өткізген жастар жұрттың мақтауына ие болды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде "несиесіз жасалған" тойдың видеосы тарады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Тойда жас жұбайлар әдемі дастарханды ен далада жайып, қонақтар көңілді би билеп жүр. Видеоны көрген көпшілік жас жұбайлардың тойына тәнті болып, бұрынғы кезді сағынғандарын жарыса жазуда.

"Бұрын солай болатын, ешкім несие туралы білмеген де еді", "500 адам шақырып, гелик жалдайтындардан гөрі жақсырақ", "Керемет, таза ауа", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Тағы оқыңыздар: Сал қызын 8 жыл бойы арқалап оқытқан Қытай қазағы жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Желі қолданушылары той Қырғызстандағы ауылдардың бірінде өткен деп топшыласа, енді бірі бұл кино түсірілімі деген пікірде. Бүгінде мұндай тойды ешкім жасамайды деп күмән келтіргендер де баршылық.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үйлену тойын несиесіз өткізген жастар жұрттың мақтауына ие болды (видео)
Mailfire view pixel