RU

Елді сүйсінткен атыраулық ғашықтар Ернар Айдардың клипіне түсіп жатыр (фото)

Көпшіліктің жүрегін елжіреткен атыраулық қос ғашық Мәрлен мен Әнелдің махаббаты аңызға айналды. Өлім аузынан қалған Ернар Айдар қос ғашықты клипіне түсірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Суреттегі қос ғашық Мәрлен мен Әнел менің жаңа бинебаянымның басты кейіпкерлері. Жақсы шығып, сіздерге ұнайды деген ойдамын. Ал қос ғашыққа келсек, өмірде шын мәнінде өте таңғалатын, тамсанатын ғашықтар", - деп жазды әнші.

Ал осыған дейін сегіз жыл бойы денсаулығының салдарынан ұшаққа мінуге тыйым салынған Әнел болса, қатты толқып отырғанын жазды.

Тағы оқыңыздар: Кәмшат Жолдыбаеваның өнерін құрметтейтіндер одан теріс айналып кетті (фото)

"Аллаға шүкір бәрі сәтті өтті! Ең бастысы Аллаға шүкір, содаң соң менің сүйіктіме алғысым шексіз. Мәрленнің қалай уайымдағанын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Сол ұшақта менің жүрегім қысылса, оныкі екі есе қатты қысылды. Мәрленнін маған деген сезімін, махаббатын сөзбен айту мүмкін емес!

Бүгін "аспанда" мені қалай қатты сүйетінін тағы бір дәлелдеді! Аллаға менің қасымда осындай жанның барына алғысым шексіз. Көзіме жас келіп жазып отырмын", - деп бөлісті әсерімен Әнел.

Естеріңізге салсақ, жастайынан ауыр дертке шалдығып, денсаулығы сыр берген Әнел ауруханадан көз ашпай өмір сүрген. Сүйіктісінің 10 келілік құрылғысын көтеріп, ауруханада бірге қонып, 7 жыл бойы жанынан бір елі алшақтамаған Мәрлен Әнелге демеу болып, қолдау көрсетуден жалықпаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1544281-eldi-suysintken-atyraulyq-ghashyqtar-e.html