RU

«Балапан» телеарнасы аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды

«Қазақстан» РТРК» АҚ «Балапан» телеарнасының жаңа бағдарламаларына аутсорсинг компаниялар арасында өткізілетін байқаудың іріктеу турын жариялайды.

Байқауға қатысу туралы өтінімдер 2017 жылдың 29 маусымы мен 14 шілде аралығында Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 үй, 18 қабат, «Балапан» телеарнасында қабылданады.

Бағдарламаның жанрлық бағыты: Ұзақтығы 10 минутты құрайтын әлеуметтік танымдық 6+аудиториясына арналған бағдарлама.

Ұзақтығы 25 минутты құрайтын оқу танымдық 6+ аудиториясына арналған бағдарлама.

Ұзақтығы 20 минутты құрайтын интеллектуалдық шоу 6+ аудиториясына арналған бағдарлама.

Ұзақтығы 10 минутты құрайтын анимациялық бағдарлама 0+ аудиториясына арналған. Тілі: Қазақша

Ұсынылған бағдарламаға қойылатын талап: ҚР аумағында хабар тарату мен телевизия саласы жөніндегі ҚР заңнамасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек.

Компанияға қойылатын талаптар: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген компаниялар алдымен өтініш толтыруы тиіс. Өтініш толтырылмаған жағдайда компаниялар байқауға қатыса алмайды

Қатысушы төменде көрсетілген талаптарға сай болуы керек: Аутсорсинг компанияның телевизия саласындағы жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы керек (балалар аудиторисымен жұмыс істегендігі де ескеріледі), ұсынылған бағдарламадан басқа да шығармашылық жұмыстары ескеріледі.

Қосымша ақпарат: Қосымша компания туралы ақпарат пен жасалған жобалар туралы презентациялық материал ұсынуға болады.

Толығырақ ақпаратты 8 (7172) 55 34 12 телефонына хабарласып немесе balapantv@kaztrk.kz мекенжайы арқылы алуға болады.

Өтінімді жүктеуге арналған сілтеме: http://web.kaztrk.kz/static/docs/20170629kz.docx

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1544288-balapan-telearnasy-autsorsing-kom.html