RU

Орыс тілінде сөйлейтін Айсәуле Бақытбек кәріс халқына неге қызықты?

Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек корей еліне барып, ондағы жергілікті халықтың патриоттығына риза болды. Ол корейліктердің ана тілінде ғана сөйлейтінін байқап, қатты қызығып отырғанын айтты.

Корейліктердің ана тіліне деген махаббатын көрген Есентаеваның қызы есесіне орыс тілінде жазба қалдырып, әсерімен бөлісті.

"Олар аса патриот. Олар әр қадам сайын туын іліп қоймаса да, тек қана ана тілінде сөйлеседі, өз телехикаяларын/киносын ғана көріп, отандық музыканы тыңдайды. Тіпті тамақ пен ішімдіктің де өздерінікін ғана тұтынады. Мен оларға қатты қызықтым", - деді Айсәуле.

Оның бұл жазбасын оқыған желідегілер Айсәулені сынап тастады. Олар продюсердің қызына ана тілінде сөйлемейтінін бетін басты.

Тағы оқыңыздар: Кәмшат Жолдыбаеваның өнерін құрметтейтіндер одан теріс айналып кетті (фото)

"Міне, Айсауле. Басқа елдердің бәрі патриот. Өз тілдерінде сөйлейді. Ендеше біз неге орысша сөйлеуіміз керек? Қазақ тілін дамыту өз қолымызда ғой. Қазақша сөйлейік!", "Барлық шетелде өз тілінде сөйлейді. Соны біле тұра сен де орыс тілінде жазып отырсың, Өзіңнің не жазып отырғаныңды білесің бе?", "Патриоттығына қызықсаң өз ана тіліңде сөйлемесің бе? Жасанды болудың қажет шамалы", - деп наразы болды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1544349-orys-tilinde-soyleytin-aysaule-baqyt.html