RU

Әйгілі боксшы Мэнни Пакьяо тағы да жеңіліп қалды (видео)

Әйгілі филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо Австралияның Брисбен қаласында спорттық мансабындағы 68-ші жекпе-жегін өткізіп, австралиялық боксшы Джеф Хорннан жеңіліп қалды деп жазады vesti.kz.

Жекпе-жек 12 раундқа жалғасты.

Кездесуге Пакьяоның иелігіндегі WBO тұжырымы бойынша екінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулы тігілді. Бірінші раундта Хорн басым болған, себебі сериялы соққылар жасап, Пакьяоны қорғануға мәжбүрледі. Келесі раундтарда филиппин австралиялық боксшының мәнеріне үйреніп, нақты соққыларымен жауап қайтара бастады.

Алтыншы раундта Хорн оң қолымен соққы жасап, Мэнниді есеңгіретті, алайда Пакьяо құламады. Жекпе-жек ортасында филиппин айқын басымдығын көрсете алмады, себебі ринг қожайыны сәтті қарсы шабуылдар жасап, кейінірек тіпті тек шабуылға көшті.

Жетінші раундта қос боксшының бастары түйісіп, Пакьяо тағы да қабағын жарып алды, сөйтіп, ол қарсыласына бұл раундты беруге мәжбүр болды. Тоғызыншы раундта филиппиндік алға жүріп, сол қолымен бірнеше рет Хорнға соққы жасай білді. Мэнни тіпті кездесуді нокаутпен аяқтауға аз қалған, бірақ Джефф құламады.

Қорытынды раундтарда боксшылар кезек-кезек басымдық алып отырды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті аустралиялыққа берді. Есеп:115-113, 115-113,117-111.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1544380-aygili-boksshy-menni-pakyao-taghy-da-zhenh.html