RU

Қостанай облысындағы қорқынышты бұлттар тұрғындардың үрейін ұшырды (фото)

Қостанай облысындағы әлеуметтік желі қолданушылары үрей туғызатын табиғи құбылыстардың суретін жариялауда деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желідегі топтардың бірінде Павел Громов есімді қолданушы Әулиекөл ауданындағы ауылға төнген алапат бұлттардың суретін жариялапты.

Суретке берілген жазбада мұндай құбылыс 2017 жылы 29 маусымда Мырзакөл ауылында да болғаны айтылған.

Тағы оқыңыздар: Жезқазған түрмесінде өзіне "қол салған" әйелдің мәйіті жақындарын шошытты (фото)

Өзге қолданушылар да облыстың басқа аудандарындағы тұтасқан бұлттың суреттерімен бөлісуде.

Облыс орталығы – Қостанайда қатты жауын жауып өтті, алайда жаңбыр бұлты әрі тарқаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1544447-qostanay-oblysyndaghy-qorqynyshty-bul.html